ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҰСЫНДЫ
Өткен сенбіде «Қор: бүгін және ертең» стратегиялық сессиясы өтті. Жүйелі проблемалар бейресми жағдайда жан-жақты талқыланып, Қордың жаңа жобалары мен оның болашақтағы даму бағыттары ұсынылды.
Қор осы уақытқа дейін не істеді және оны алда не күтіп тұр. Осындай лейтмотив шеңберінде өткен корпоративтік стратегиялық сессияға денсаулық сақтау саласының белгілі сарапшылары Елжан Біртанов, Лейла Даирбаева, Лейла Ишбаева, Қордың директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Жақсыбек Күлекеев, Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық кеңесінің төрағасы Надежда Петухова, жеке қасиеттерді бағалау саласындағы сарапшы Лейла Асылбекова, стратегиялық коммуникациялар бойынша сарапшы Дана Саудегерова шақыру алды.
Шараның ашылуында сөз алған басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов биыл Қордың қандай проблемалармен бетпе-бет келгенін атап өтті. Олардың ішінде төлем жүйесінің болмауы және қаржылық өтімділік тапшылығы басты назарда.
«Егер Қордың негізгі функцияларын Стратегиялық сатып алушы ретінде қарастыратын болсақ, ДДҰ бір кездері атап өткендей, оның функционалы ең дамыған функциялардың бірі болып табылады. Қазір қаражаттың 88%-ы автоматты түрде бөлінеді. 2,5 триллион теңге қаржыландырудан 2,2 триллион теңге ешқандай адами факторсыз бөлінеді. Біз одан да көп қаржыны автоматты түрде бөле аламыз, бірақ дәрігерлік ресурстар мен медициналық техниканың басқару жүйесі бұл процесті шектейді, себебі аудандық ауруханалар қажетті қаржыландырусыз қалуы мүмкін», – деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.
Алайда, осындай қиындықтарға қарамастан 2024 жылы Қорда денсаулық сақтау саласында үлкен деректерді жинайтын ситуациялық-ахуалдық орталықтың құрылғанын, смарт-келісімшарттардың енгізілгенін, жасанды интеллектті бизнес-процестерге қолдану жұмыстарының басталғанын және жаңа коммуникациялық стратегияның әзірленгенін айтты. Сонымен қатар, жаңа сайт пен халықпен кері байланыс арналарын ретке келтіру жұмыстары да жүргізілуде.
«2025 жылға қарай Қор өзін тұрақты даму қағидаттарына негізделген, халықтың сеніміне ие болатын ашық қаржылық ұйым ретінде көреді. Медициналық сақтандыру қоры инновациялық технологиялар мен тәжірибелерді енгізу арқылы азаматтардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосуды жалғастырады», – деді Қордың стратегия департаментінің директоры Дамир Көбжасаров.
Сессияға қатысқан сарапшылар Қордың ағымдағы қызметі мен оның жаңа даму бағыттарын оң бағалады. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің құрылу кезіндегі маңызды қадамдар жайлы атап өтіп, ситуациялық-ахуалдық орталықтың маңыздылығын ерекше айтты. Сонымен қатар, ол Қордың және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің даму стратегиясын нақтылау қажеттілігін атап өтті.
- ( ... ) Егер бізде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған жалпы стратегия болмаса, біздің «кемеміз» қай бағытта жүреді? – деп сұрақ қойды Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов.
Қордың директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Жақсыбек Күлекеев денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы стратегиялық мақсаттарға тоқталып, тарифтік саясатты қайта қарау қажеттілігі туралы айтты. Ол сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің барлық қатысушыларының негізгі міндеттерге шоғырлануын және нәтижелерге ұмтылу практикасынан бас тарту керектігін атап өтті.
ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Надежда Петухова Қордың ситуациялық-ахуалдық орталық базасында сапалы талдаулардың маңыздылығын айтты. Сарапшылар Лейла Ишбаева мен Лейла Даирбаева сапалы қызметтерді мониторингтен өткізу қажеттілігін көтерді. Қор басшылығы бұл мәселелердің стратегиялық жоспарларға енгізілетінін мәлімдеді.
Стратегиялық сессияның қорытындысы бойынша Қор басшылығы жақын арада оның құрамына медициналық жұртшылықты тарта отырып, Қорды дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын қалыптастыруды жариялады.

17.10.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
«МСАК КӨШБАСШЫСЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР АРАСЫНДА САҚТАНДЫРЫЛМАҒАНДАР САНЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МСАК көшбасшысы» байқауының қорытындысын жариялады. Оған еліміздің 18 өңірінен 408 медициналық ұйым қатысты.
30.12.2024
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып, Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
2025 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
24.12.2024